RU

Алматыдағы ұшақ апатына қатысты ресми мәлімет пайда болды

Алматыда ұшақ апатына қатысты ресми мәлімет пайда болды деп хабарлайды Азаматтық Авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Денис Кривошеев/Facebook
Фото: Денис Кривошеев/Facebook: UGC
"2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22 -де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болды.
Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 7 адамды құрайды.
Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары бастаған үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар.
Комиссия оқиға орнына ұшып шығады. Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Оқиға мән-жайын анықтағанға дейін осы типтегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.

Төтенше жағдайдан 7 адам қаза тауып, алтауы жараланған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833783-almatydagy-sak-apatyny-mn-zajy-ajtyldy.html