RU
Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылды

Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылды

Рассказать Вконтакте

Алматыда Bek Air әуекомпаниясының ұшағы құлады. Әуе компаниясының өкілдері барлық рейстердің ұшуын тоқтатып қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Денис Кривошеев/Facebook

Фото: Денис Кривошеев/Facebook

Барлық бағытқа қарай ұшу 12 сағатқа тоқтатылғаны хабарланды. Bek Air қызметкерлері болған оқиғаның себебін анықтамақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.

Төтенше жағдайдан 7 адам қаза тауып, алтауы жараланған.

Бұл жағдайда қатысты Азаматтық авиация комитеті ресми пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болған.

Дереу құтқару жұмыстары басталған. Өрт болмаған.

Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары бастаған үкіметтік комиссия құрылған. Комиссия құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel