RU

Алматыда Bek Air ұшағы құлады: Қаза болғандардың саны 9 адамға жетті

Telegram logo VKontakte logo

Алматы маңында құлаған Bek Air әуе компаниясының ұшағына қатысты жаңа деректер шықты. Төтенше жағдайлар комитеті қаза болғандардың саны 9 адамға жеткенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Денис Кривошеев/Facebook

Фото: Денис Кривошеев/Facebook: UGC

Бұған дейін әуе апатынан көз жұмғандардың саны жетеу деген мәлімет тараған болатын.

ТЖК таратқан соңғы ақпаратқа сәйкес, қаза болғандардың саны 9 адамға жеткен. Тағы 9 адам зардап шеккен, оның алтауы бала.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.

Бұл жағдайда қатысты Азаматтық авиация комитеті ресми пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болған.

Дереу құтқару жұмыстары басталған. Өрт болмаған.

Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары бастаған үкіметтік комиссия құрылған. Комиссия құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, кінәлілердің қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыда Bek Air ұшағы құлады: Қаза болғандардың саны 9 адамға жетті