RU
Алматыда Bek Air ұшағы құлады: Сағынтаев әуежайға келді (фото)

Алматыда Bek Air ұшағы құлады: Сағынтаев әуежайға келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы маңында Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлап, соңғы мәліметтер бойынша 9 адам қаза тапқан. Төтенше жағдайдан кейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та бірден әуежайға келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қазір Алматы әуежайында жүр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, әуе апатының салдарынан тоғыз адам қаза тауып, тағы тоғызы жарақат алған. Оның алтауы бала.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, әуе кемесі ұшқан кезде жерге құлаған. Қазіргі уақытта адамдарды эвакуациялап жатыр.

Бортта жалпы саны 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Зардап шеккендер үшін шұғыл желі іске қосылды. Асқар Маминнің басшылығымен арнайы үкіметтік комиссия құрылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Президент Алматы маңындағы жолаушылар ұшағының апатынан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендерге барлық көмек көрсетілетінін хабарлады.

Тоқаевтың сөзінше, кінәлілер заң бойынша қатаң жазаға тартылатын болады.

Қазір болған оқиғаның себебі анықталуда.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері 12 сағатқа тоқтатылғаны белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel