RU

"Дұғадамыз": Өнер адамдары Алматыдағы ұшақ апатына қайғырып көңіл айтуда

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері Алматы маңындағы Bek Air ұшағының қатысуымен болған апатқа қатысты жаппай пікір білдіріп жатыр. Өнер жұлдыздары барша зардап шеккендерге қолдау білдіріп, қаза тапқандардың туыстарына қайғыра көңіл айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva/aigul_mukei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva/aigul_mukei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Өнер иелері қатарынан алғашқылардың бірі болып, ұшақ апатына қатысты Мерует Түсіпбаева жазба жариялады.

"Түбі қайыр болсын. Адамдар аман болғай. Бек эйр құлады, деп жазып жатыр. Алла сақтасын" , - деп жазды Түсіпбаева.

Сонымен қатар, жантүршігерлік жағдайға қатысты "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев те өз ойын білдірді.

"Я, раббым! Сенен келдік, Саған қайтарылушыларданбыз. Қаза болғандар мен зардап шеккендерді мейіріміңе бөлей гөр" , - деп жазды ол.

Белгілі отандық тележүргізуші Айгүл Мүкей де қайғылы жағдайдан шет қалмай, оқиғада қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Ол зардап шеккендер үшін дұғада екенін жеткізді.

"Аман қалғандар үшін дұғадамын. Қаза тапқандар үшін жылаудамын. Қандай масқара" , - деген жазба жариялады Мүкей өз Instagram парақшасында.

Әнші Нұржан Керменбаев ол дәл сол уақытта Алматыдан Атырауға ұшқан.

"Дәл осы сәттерде біз де, Алматыдан Атырауға ұшқан болатынбыз. Эйр Астана да, Бэк эйр да ұшты Атырауға. Қонған соң суық хабарды ести бастадық. Жиі ұшқан соң, өз-өзіме келе алмай, жаныма тыныштық таппай отырмын. Дәл сол сәтте ұшақтың ішіндегі адамдардың үрейін ойлай-ойлай басым қатты.
Алла жарылқасын. Қаза тапқан жандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Барша жолаушылардың сапарлары сәтті болғай. Анық-қанығын әрине, Алла білуші. Бірақ анығырақ естігендер бар ма? Не болып жатыр?" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева апатқа ұшыраған ұшақ бортында өнер адамдары да болғанын хабарлаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Дұғадамыз": Өнер адамдары Алматыдағы ұшақ апатына қайғырып көңіл айтуда