RU

Алматыдағы ұшақ апаты кезінде "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы көз жұмды

Алматыда Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлады. Қаза тапқандар арасында "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Facebook

Әзірге әуе апатынан 14 адамның қайтыс болғаны хабарланды. Олардың жетеуінің аты-жөндері анықталған. Аты аталғандар ішінде 1940 жылы туған Генералдар кеңесінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Айта кетсек, бұған дейін төтенеше жағдайдан 9 адамның қайтыс болып, тағы тоғызы адамның жарақат алғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қазір Алматы әуежайында жүр.

Айта кетсек, бортта жалпы саны 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер үшін шұғыл желі іске қосылды. Асқар Маминнің басшылығымен арнайы үкіметтік комиссия құрылған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833818-almatydagy-sak-apaty-kezinde-generaldar-keesini-tragasy-kz-zmdy.html