RU
Bek Air ұшағы құлады: Елбасы марқұмдардың туыстарына көңіл айтты

Bek Air ұшағы құлады: Елбасы марқұмдардың туыстарына көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Bek Air әуе компаниясы ұшағының апат болуына байланысты қаза тапқан жолаушылардың туыстары мен жақындрына көңіл айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Елбасы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

"Алматы әуежайынан ұшып шыққан "Bek Air" әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.
Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.

Соңғы мәліметтер бойынша қайтыс болғандардың саны 14 адамға жеткен.

Қаза болған жолаушылардың арасында "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері 12 сағатқа тоқтатылғаны белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel