Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер апат болған Bek Air ұшағының ұшқышы қайтыс болғанын хабарлады

Опубликовано:

Бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтанға қарай бағыт алған әуе кемесінің апатқа ұшырауы қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Рейстің ұшқышы қайтыс болғаны хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ ТЖК
Фото: ІІМ ТЖК: UGC

Әуе кемесінің бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Қазіргі таңда әуе апатынан 14 адамның қайтыс болып, тағы 22 ересек адам мен 8 баланың зардап шеккені хабарланды.

Қайғылы оқиға орнында жүрген журналист әрі блогер Денис Кривошеевтің Facebook парақшасында хабарлауынша, рейс жасаған ұшқыш қайтыс болған.

Апат орнында әлі де іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Оңтүстік астананың шұғыл қызметтері жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.

Соңғы мәліметтер бойынша қайтыс болғандардың саны 14 адамға жеткен.

Марқұмдардың арасында "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы 79 жастағы Рустем Хайдаровтың да аты аталды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833825-bloger-zerge-klagan-sakty-skysy-kajtys-bolganyn-habarlady/

pixel