RU
Көлгінов: Елорда әуежайында психологиялық көмек көрсетілуде

Көлгінов: Елорда әуежайында психологиялық көмек көрсетілуде

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Алматы маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Елорда басшысы өз Facebook парақшасында жапа шеккен азаматтар мен қаза тапқандардың жанұяларына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

"Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшақ апатқа ұшырап, қайғылы жағдай орын алды. Қаза болған азаматтардың туыстарына көңіл айтамыз. Әуежайда Кризистік орталық ашылды. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қызметінің шұғыл әрекет ету штабы құрылды. Телефон номерлеріі: 24-52-12, 24-51-71, 24-51-47.
Елорда әуежайында психологиялық көмек көрсетілуде. Апаттан қаза тапқандар мен жапа шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетіледі",- деп жазды әкім.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Соңғы мәліметтер бойынша қайтыс болғандардың саны 14 адамға жеткен.

Марқұмдардың арасында "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы 79 жастағы Рустем Хайдаровтың да аты аталды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel