RU

Алматыдағы ұшақ апаты: Қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы маңында апат болған Bek Air әуе компаниясының ұшағына қатысты мән-жай белгілі болды. Қазір Алматы әуежайында журналист Денис Кривошеев пен Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісінің қатысуымен брифинг өтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Денис Кривошеев/Facebook

Фото: Денис Кривошеев/Facebook

"Шын мәнісінде қалай болғанын комиссия анықтайды. Мамин мен Атамқұлов оқиға орнына кетті. Оқиға орнынан не көруге болады - ұшақ ұша бастады, өзінің алдына қона алмады, сөйтіп солға қарай бұрды, қоршауға соғылды, оны қиратып, үйге соғылды", - деді журналист.
Артында отырғандардың бәрі қауіпсіздікте болды. Бак тола болған, бұл ұшқыштың еңбегі деп ойлаймын (атылып не жарылып кетпегені - ред.). Ұшу бастаған сәтте-ақ ол теңселе бастаған", - дейді Кривошеев.

Блогер Нұр-Сұлтаннан алдыңғы күні дәл осы бортпен келгенін атап өтті.

Оның сөзінше, қозғалтқышы жанған деген ақпарат бар, бірақ бұған еш дәлел жоқ.

"Бұл ең сенімді көліктердің бірі, бірақ бұл Ресейде қолданылмайды. Өйткені, ол Ресей өндіретін екі ұшаққа бәсекелес.
Ұшақтың жарамды болғанына сенімдімін. Ұшқыш туралы әзірге айтпайтын белгілі бір ақпараттар бар. Менің білуімше, ол "Эйр Астананың" бұрынғы ұшқышы болған", - деді журналист.

Журналист қайғылы жағдайға бірнеше себеп болуы мүмкін екенін айтады. Мәселен, құстармен соғысу, қозғалтқыштағы өрт немесе мұз қату т.б.

Сонымен қатар төтенше жағдайға қатысты Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев пікір білдірді.

"Жедел жәрдем бригадасымен 66 адам жеткізілді, оның ішінде 50 адам ауруханаға жатқызылды. 19 адам 4 ҚКА мен ЖМКО, балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығы мен Алматы көпсалалы ауруханасында. 4 бала мен 6 ересектің жағдайы ауыр", - дейді ол.

Сондай-ақ, ол 13 адам Жедел медициналық көмек орталығында, тағы үшеуі ОҚКА екенін айтты.

Зардап шеккендер арасында ота жасалуы тиіс науқастар да бар. Дәрігерлер мен психологтар зардап шеккендер мен туыстарына көмек көрсетуде.

"Оларға психологтардың көмегі көрсетілуде. Туыстарын сабырға шақыру үшін дәрігерлер тарапы да көмек көрсетіп жатыр", - дейді қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.
"Көлікке мұқтаждардың бәріне алып кету қарастырылған. Алайда оқиға орнында қайтыс болғандармен ТЖ қызметі мен сот-медициналық сараптама айналысуда", - деп сөзін жалғады Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, 14 адамның оқиға орнында, тағы бір адамның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.

Брифинг барысында болған оқиға жайлы толығырақ мәлімет те берілді.

Рейске отырғызу 7:03-те аяқталған, 7:21-де ұшақ ұшып кеткен. 7:25-те дабыл қағылған.

7.40-та әуе кемесінің радардан жоғалып кеткені анықталып, жолаушыларды эвакуациялау шаралары қабылданған. Жолаушыларды құтқарған бойда оларды көмек көрсетілетін терминалға апарған.

"Әуежайда 2 ұшу-қону жолағы жабық, комиссия зерттеу жүргізуде. Жолақтың жағдайы қалыпты, жабысу коэффициенті 0,5 - бұл ұшуға қажеттіден көп. Бұған дейін 3 минут бұрын "Эйр Астана" ұшағы ұшып кетті, онымен бәрі дұрыс болды. Әуежай штатты режимде жұмыс істеп жатыр", - деді Алматы әуежайының президенті Болат Ержанов.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы ұшақ апаты: Қаза тапқандар саны 15 адамға жетті
Mailfire view pixel