RU
Алматылықтар ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін жаппай қан тапсыруда (фото)

Алматылықтар ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін жаппай қан тапсыруда (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы халқы қала маңында болған ұшақ апатында зардап шеккендерге көмек ретінде жаппай қан тапсыруда. Оңтүстік астананың жанашыр тұрғындары бар жұмысын тастап, қан тапсыру үшін ұзын-сонар кезекке тұрған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

№12 қалалық клиникалық ауруханада ауыр жағдайда қалған жолаушылар үшін қан тапсыруға кезек тіркеу бөлімінен басталып, далаға дейін созылған.

Емхана ғимаратының ішіне сыймаған көпшілік өз кезегін суықта сыртта күтуге мәжбүр.

Алматы маңында орын алған ұшақ апатында зардап шеккендерге қан қажет екені жайлы алғашқылардың бірі болып балалар омбудсмені Аружан Саин хабарлады. Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Аталмыш жазба әлеуметтік желілер мен түрлі медипорталдарға тарап кеткен соң, хабардар болған тұрғындар өз еркімен қан тапсыруға аттанған.

Аурухана өкілдерінің айтуынша, алматылықтар апатты жағдайды ести сала, таң атпастан қан тапсыруға келе бастаған.

"Адамдардың қан тапсыруға көптеп келуі біздің медиа мен әлеуметтік желілердің арқасы деп білеміз. Адамдар таң атпастан келе бастады. Олардың әрбірі ауыр жағдайға тап болған отандасына көмектескісі келеді. Бүгін біздің жұмыс тәртібіміз шектеусіз болмақ. Қажет болса түнгі 00:00-ге дейін де, таң атқанға дейін де жұмыс істеуге дайынбыз" , - деді аурухана дироекторының орынбасары Чиликов Дәурен.

Ал қан тапсыруға келген алматылықтар бұл әрекетін азаматтық борышы деп түсінетіндерін жеткізді.

Айта кетейік, есірткі мен ішімдік әуестігі мен ЖИТС шалдыққандарға қан тапсыруға тыйым салынған. Оған қоса, энергетикалық сусын ішкен адамдардың қаны қабылданбайды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Соңғы мәліметтер бойынша қайтыс болғандардың саны 15 адамға жеткен.

28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel