RU

"Аллаға шүкір, тірімін": Апаттан аман қалған жолаушы қай орында отырғанын көрсетті

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағында аман қалған жолаушы әлеуметтік желіде қираған әуе кемесінің фотосын жариялап, қай орында отырғанын көрсетті – оның орны дәл ұшақтың опырылған жерінде болған екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/Aslan Nazaraliyev, ІІМ ТЖК
Фото: facebook.com/Aslan Nazaraliyev, ІІМ ТЖК: Facebook
"Достарым, үлкен рақмет. Аллаға шүкір, аман-есенмін. Мен мына жерде отырдым", – деп жазды Facebook желісінде Аслан Назаралиев.

Асланның отырған орнынан шамамен бір метр жерде ұшақтың корпусы толығымен қираған.

Скриншот - facebook.com
Скриншот - facebook.com: Facebook

Айта кетерлігі, Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан Foker 100 ұшағында қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Ұшақ бортында 5 экипаж мүшесі мен 93 жолаушы болған. Олардың арасында шетелдік азаматтар да бар: Украинаның 2 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы, Қытайдың 1 азаматы, қалғандары Қазақстан азаматтары.

Төтенше жағдай салдарынан сағат 12:30-дағы мәліметке сәйкес, 12 адам оның ішінде экипаж командирі де қаза болған.

Зардап шеккендер тізімін мына жерден көруге болады.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Бұған дейін қайтыс болғандардың саны 15 адамға жеткені хабарланды.

Төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар арасында Informburo журналисі мен "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, әуе компаниясы өз ұшағының апатқа ұшырауына байланысты пікір білдіріп, барша қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833862-allaga-skir-tirimin-apattan-aman-kalgan-zolausy-kaj-orynda-otyrganyn-krsetti.html