RU

Көлгінов ұшақ апатынан қаза тапқандардың жанұясына көмек көрсетуге уәде берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Алматы қаласында болған ұшақ апатына байланысты пікір білдірді. Елорда басшысы марқұмдардың жанұясы мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен және қайтыс болған жандардың отбасына барлық көмек көрсетілетінін айтты деп хабаралйды KAZ.NUR.KZ.

Көлгінов

Коллаж: NUR.KZ. Фото: ҚР ІІМ ТЖК; instagram.com/altay_kulginov_official

Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында «Нұр Сұлтан» әуежайында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен психологтары психологиялық көмек көрсетіп жатқанын алға тартты.

"Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшақтың апатқа ұшырап, қайғылы жағдай орын алды. Қаза болған азаматтардың туыстарына көңіл айтамыз.
Әуежайда Кризистік орталық ашылды. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қызметінің шұғыл әрекет ету штабы құрылды. Телефон номері: 24-52-12, 24-51-71, 24-51-47. Елорда әуежайында психологиялық көмек көрсетілуде", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Алтай Сейдірұлы қаза болғандардың отбасыларына жан-жақты, оның ішінде материалдық көмек көрсетілетіндігін атап өтті.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Ішкі істер министрлігі әуе апатынан қаза тапқандардың саны мен есімдерін жариялады.

28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көлгінов ұшақ апатынан қаза тапқандардың жанұясына көмек көрсетуге уәде берді
Mailfire view pixel