RU

"Ресей қайғыға ортақтасады": Владимир Путин Тоқаевқа көңіл айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ұшақ апаты: Ресей президенті Владимир Путин қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

аааааа

Владимир Путин. Фото: kremlin.ru; NUR.KZ

Бұл ақпарат RT Telegram каналында орыс тілінде пайда болды. Басылымның хабарлауынша, Ресей басшысы бұл оқиғаға байланысты өзінің көңіл білдіретінін жеткізген.

«Ресей халқы жақындарын жоғалтқан азаматтардың қайғысына ортақтасады», - деп Ресей президентінің сөзін келтірді RT-Telegram арнасы.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Бұған дейін қайтыс болғандардың саны 15 адамға жеткені хабарланды.

Төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар арасында Informburo журналисі мен "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, әуе компаниясы өз ұшағының апатқа ұшырауына байланысты пікір білдіріп, барша қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ресей қайғыға ортақтасады": Владимир Путин Тоқаевқа көңіл айтты
Mailfire view pixel