RU

6 жыл ішінде екінші рет: Қызыл ту ауылының маңында бұған дейін де ұшақ апаты болған (фото)

Бүгін, 27 желтоқсан күні қайғылы жағдай орын алған Алматы маңындағы Қызыл ту ауылының аумағында бұған дейін де ұшақ апаты болған деп жазады KAZ.NUR.KZ Zakon-kz-ке сілтеме жасап.

ввввв
Фото: zakon.kz, nur.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Original

2013 жылы Көкшетау қаласынан Алматыға ұшқан SCAT әуекомпаниясының ұшағы осы ауыл маңында апатқа ұшыраған.

Оқыс оқиға кезінде бортта 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Олардың арасында екі жасар бала да бар еді. Кенеттен болған апаттан ешкім аман қалмады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстанның премьер-министрі апаттың себептерін зерттейтін арнайы үкіметтік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды.

Комиссияны сол кездегі үкімет басшысының бірінші орынбасары болған Бақытжан Сағынтаев басқарды.

Оның құрамына Төтенше жағдайлар министрі, Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы, Бас прокуратураның, Бас көлік прокуратурасының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

2015 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Бас көлік прокуратурасының арнайы прокуроры бастаған тергеу тобы 2013 жылы 29 қаңтарда Алматы облысында SCAT әуекомпаниясының CRJ-200 маркалы ұшағымен болған жазатайым оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Апатқа ұшқыштар кінәлі деп танылды.

  • SCAT ұшағының апатқа ұшырауына орай қозғалған қылмыстық іске қатысты сот үкімі 2016 жылы шықты.
Оған сәйкес, ұшу қызметінің директоры Вячеслав Артеменко Қылмыстық кодекстің 295-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды (Қазақстан Республикасының ескі Қылмыстық кодексіне сәйкес - рад.).

Ол 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, 2 жылға ұшу қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

ввввв
2013 жыл. СКАТ ұшағының апаты. Фото: zakon.kz: Facebook

Сондай-ақ, бүгін, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі бұған дейін SCAT ұшағы құлаған Қызыл Ту ауылының аумағында апатқа ұшырады.

Бейресми дереккөздер қайтыс болғандардың саны 15 адамға жеткені хабарланды.

Төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар арасында Informburo журналисі мен "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, әуе компаниясы өз ұшағының апатқа ұшырауына байланысты пікір білдіріп, барша қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833877-6-zyl-isinde-ekinsi-ret-kyzyl-tu-auylyny-maynda-bgan-dejin-de-sak-apaty-bolgan-foto.html