Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bek Air ұшағы құлады: Ауыл тұрғындары құтқарушыларға тамақ дайындауда (видео)

Опубликовано:

Бүгін таңертең Алматы маңында болған ұшақ апаты қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай салдарынан 12 адам қаза тауып, 23 жолаушы ауыр жарақат алған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жергілікті тұрғындар оларға арнап далада тамақ дайындау үстінде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадрлар: instagram.com/zhest_kz
Видеодан кадрлар: instagram.com/zhest_kz: Depositphotos

Аталған ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі zhest_kz парақшасында пайда болды.

Бейнеролик авторы Гүлдала ауылының тұрғындары қазір Bek Air ұшағының қалдықтарын жинап жатқан құтқарушыларға арнап далада тамақ пісіргенін айтады.

Ал видеодан адамдардың бірлесе ыстық тағам пісіріп жатқанын, ал үстел үстінде нан тұрғанын байқауға болады.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Бұған дейін қайтыс болғандардың саны 15 адамға жеткені хабарланды.

Төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар арасында Informburo журналисі мен "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Әәуе компаниясы өз ұшағының апатқа ұшырауына байланысты пікір білдіріп, барша қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1833879-bek-air-sagy-klady-auyl-trgyndary-ktkarusylarga-tamak-dajyndauda/

pixel