RU

Bek Air ұшақтарына ұшуға тыйым салынды: Жолаушылар не істеу керек

Азаматтық авиация комитеті Bek Air әуе компаниясы ұшақтарының ұшуын тоқтатты. Компания өкілі рейстерге билет алып қойған жолаушыларға не істеу керектігін Денис Кривошеевке түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

Журналист және блогер Кривошеев компания өкілдерімен сөйлесті. Олар компания қызметін пайдалануды жоспарлаған адамдарға не істеу керектігін түсіндірген. Бұл туралы блогер Sputnik Казахстанға айтып берді.

Қазір компания еліміздегі басқа әуе тасымалдаушыларымен байланысып жатыр. Bek Air-дің рейстерімен ұшуы тиіс жолаушылар жақын арада басқа әуе компаниясына ауыстырылуы мүмкін. Келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Қалған жолаушылардың барлығына билеттердің бағасы толық қайтарылады.

Блогердің айтуынша, дәл қазір кассаға барудың мәні жоқ, алайда барлық жолаушылар қысқа мерзімде өтемақыларын алады.

Еске сала кетейік, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Айта кетейік, премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматыдағы Bek Air әуе компаниясының апатқа ұшыраған жеріне барып, БАҚ өкілдерінің алдында мәлімдеме жасады. Олар апаттың болжалды екі себебін атады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833881-bek-air-saktaryna-suga-tyjym-salyndy-zolausylar-ne-isteu-kerek.html