RU

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағына билет алмақ болғанын айтқан блогер өкіріп жылады (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстандық блогер Эльмира Төлегенова Алматыда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушысы бола жаздағанын айтты. Келіншектің сөзінше, оған билет таңдау қиынға соққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ: Twitter

Төлегенова өз жағдайын Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында айтты.

Ол Bek Air әуекомпаниясының немесе басқа әуе компанияның билеттерін сатып алуда біраз ойланғанын айтты. Нәтижесінде қазақстандық келіншек билет құнына 80 мың теңге қосып, Bek Air ұшағынан басқа тасымалдаушыға билет алыпты.

Блогер қазір қатты үрейленіп отырғанын жасырмады. Төлегенова эмоцияға толы видеосында қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

"Бүгін таңертең біз осы ұшақпен ұшуымыз керек еді. Біз ұшсақ, қазір тірі болмас едік. Мен билетті ұзақ таңдадым. Барлығына көңіл айтамын, бірақ өлім сені айналып өткенде қатты қорқады екенсің. Мен екі-үш күн бойы билет таңдадым. Bek Air-де 120 мыңға билет алайын ба, әлде қымбатырақ алайын ба деген ой болды. Мен 80 мың теңгемді аямадым және ол дұрыс болды. Көзіме елестетуге қорқамын",- деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Бұған дейін қайтыс болғандардың саны 15 адамға жеткені хабарланды.

Төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар арасында Informburo журналисі мен "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Әәуе компаниясы өз ұшағының апатқа ұшырауына байланысты пікір білдіріп, барша қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағына билет алмақ болғанын айтқан блогер өкіріп жылады (видео)