RU
Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің жазбасы жарияланды

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің жазбасы жарияланды

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ұшақ апаты: диспетчердің Fokker-100 бортымен сөйлескен жазбасы жарияланды. Оған сәйкес, ұшақ қалыпты режимде әуе сапарын орындамақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ ТЖК

Фото: ІІМ ТЖК

Әуежай диспетчері мен ұшақ пилотының сөйлескен жазбасына сәйкес, әуе кемесіне ұшып-қону жолағына шығуға рұқсат берілген.

Ары қарай ұшақ әуеге көтерілуі тиіс болған, бірақ онымен байланыс үзіледі. Жазба РЕН ТВ телеарнасының қолына түскен.

Ұшып-қону жолағына Bek Air ұшағынан кейін басқа әуе компанияның лайнері шығуы керек болған. Алайда, диспетчерлер олардан күте тұруын сұраған.

Бірнеше рет пилотпен байланыс орнатуға тырысқан соң, диспетчер басқа ұшақтарға жағдайды ескертіпті.

Диспетчердің апатқа ұшыраған ұшақ экипажымен сөйлесен жазбасы жарияланды

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар арасында Informburo журналисі мен "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
19
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel