RU

Cоңғы 20 жылда Bek Air ұшақтары қандай жағдайларға ұшырады

Қазақстандық Bek Air әуекомпаниясы жұмыс істеген барлық кезеңінде борттардың түрлі ақауларына байланысты бірқатар оқыс оқиғалар орын алды. Оның ішінде бүгін таңертең болған әуе апаты да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Алғаш рет 2016 жылы Bek Air компаниясының Қызылордадан Нұр-Сұлтанға (ол кездегі Астана) бағыт алған рейсі елордада шұғыл түрде қонды. Ол уақытта Fokker-100-де бортмеханика мәселесі туындады.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, ол күні 116 жолаушы мен бес экипаж мүшесі өлімнен аман қалған. Оған ұшқыштардың мәселені дер кезінде анықтап, ұшақты кәсіби түрде әуежайға қондыруы көмектесті.

Кейіннен бірінші ұшқыш Дмитрий Родин басқарған экипаж мүшелері марапатқа ие болды.

2018 жылға қазақстандық тасымалдаушының ұшақтары ақауына байланысты үш оқиға болды.

Кезекті хронологияда оның алғашқысы өткен жылдың ақпан айында болды. 18 -і күні "Алматы-Нұр-Сұлтан" рейсінде жұмыс істейтін Fokker-100 борты жолжүгін тиеу кезінде фюзеляжға зақым келгені үшін ұшу уақыты кейінге шегерілгенін хабарлады. Екі бірдеу жүк тиеу бөлімі зардап шекті.

Ал адамдар бір сағаттан кейін қосымша ұшақпен жөнелтілді.

Келесі оқиға 2018 жылдың 7 наурызында тіркелді. Ақтаудан келе жатқан ұшақтардың бірі кабинадағы биіктікті арттыру туралы дабыл сигналының іске қосылуына байланысты шұғыл түрде кері қайтты.

Одан кейін әуе кемесін Bek Air өкілдері егжей-тегжейлі тексерді. Анықталғандай, дабыл бортты үрлеу жүйесінің жалған істен шығуына байланысты 7 километр биікке көтерілгеннен кейін іске қосылды.

Мамандар бақылау ұшуын жүргізіп, мәселе қайталанбағаннан кейін ұшақ қайта ұшуға жіберілді.

Бір жыл бұрын, 2018 жылдың 12 желтоқсанында түнгі 3-те елордадан Алматыға бағыт алған рейс шұғыл түрде қайта Нұр-Сұлтанға оралды.

Мәселе ұшақ кабинасын үрлеу жүйесінде табылған. Бұл ақау тек таңғы алтыда жөнделген. Ұшақ борты оңтүстік астанаға ұшуды жоспарлағанымен, сағат 8 шамасында оның әуеге жіберілмейтіні белгілі болды.

Ұшақтың соңғы әрі ең ауыр оқиғасы 2019 жылдың 27 желтоқсанында орын алды. 2018 жылы ақауы байқалған Z92100 борты Алматыда биіктіктің жоғалуына байланысты апатқа ұшырады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833899-cogy-20-zylda-bek-air-saktary-kandaj-zagdajlarga-syrady.html