Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ескі ұшақтардың көзін құрту керек": Жігер Ауыпбаев ашық пікір білдірді

Опубликовано:

Танымал әнші, эстарада жұлдызы Жігер Аупбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында елдегі ескі ұшақтарды жою қажеттігін ашық айтты. Ол сондай-ақ отандық әуе компанияларының ұшақтары тексерістен өткізу керектігін мәлім еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Өнер иесі бүгін Алматы облысы Қызылту ауылында болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтқан. Сонымен бірге ол отандық әуе компаниялары жұмысына көңіл толмайтынын жеткізген.

"Air Аstana-дан бастап, Scat, Fly Arystan, Qazaq Air, Bek Air деген компаниялардың ұшақтарының бәрін тексерістен өткізуді талап етіп, ескі ұшақтардың көзін құртқызу керек.
Жүрегім-ай! Жаратқан өз панасына алсын. Аллаһым апаттан марқұм болған мұсылман жандардың тіршілігінде біліп,білмей жасаған күнәларын кешіріп жәннаттық қылғай", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары қайғылы оқиғада қайтыс болған жандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтқан.

Олар: "Иманды болсын", "Ажал айтып келмейді, бекем болыңыздар", "Аман қалғандар тездетіп отбасыларымен қауышсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Бұған дейін апаттан қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болғанын хабарлағанбыз.

Ал зардап шеккендер тізімін мына жерден көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833901-eski-saktardy-kzin-krtu-kerek-ziger-auypbaev-asyk-pikir-bildirdi/

pixel