RU

Ұшақ апатынан сәбиді құтқарған полицейдің видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

Желіде Алматыдағы ұшақ апаты болған жерден кішкентай сәбиді алып кетіп бара жатқан құтқарушының видеосы жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / Николай Энелане
Фото: Facebook / Николай Энелане: Facebook

Жазба Instagram-дағы ztb_video парақшасында пайда болды.

"Бұл әсерлі видео ұшақтың апатқа ұшыраған жерінен түсірілген. Кадрларда құтқарушының бүлдіршінді қолына алып, қауіпсіз жерге апара жатқаны көрінеді", – делінген видеоның жазбасында.

Бұған дейін құқарушы мен сәбидің суреті жарияланып, "бүгінгі күннің кадры" деп аталып кетті.

Еске сала кетейік, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Сондай-ақ Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар арасында Informburo журналисі мен "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833903-sak-apatynan-sbidi-ktkargan-policejdi-videosy-zrtty-zregin-elziretti.html