RU

"Көңіл-күйім орнына келер емес": Илья Ильиннің спорттан кететіні рас па

Рассказать Вконтакте

Әйгілі зілтемірші, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин өзінің спорттық мансабына қатысты пікір білдірді. Ол тіпті алдағы уақытта онымен қош айтысатынын да жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Зілтеміршінің айтуынша оның өміріндегі ең сәтсіз сайы Дохадағы жарысы болыпты.

"Шынымды айтсам содан кейін көңіл-күйім орнына келер емес. Күш-жігерім де асып-тасып бара жатыр деп айта алмаймын. Ендігі мақсатым, тым болмаса Өзбекстанда, сосын Нұр-Сұлтанда жақсы өнер көрсетсем екен.

Егер мен нәтиже бойынша да, ұпай бойынша да өтпейтін болсам, онда өзімнің спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. Себебі мен одан ары Олимпиадаға бара алмаймын", - деді даңқты спортшы.

Оның сөзінше, сол жолы Дохада оны халық үлкен құрметпен қарсы алған екен.

"Олар маған үлкен қолдау көрсетті, ол мен үшін өте бағалы", - деді ол.

Айта кетейік, Илья Ильин Катарда өткен кубокта медальсіз қалған еді. Ол 96 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қорытынды тізімде бесінші орынға жайғасқан болатын.

Естеріңізде болса, 2016 жылы Илья Ильиннің қанынан тыйым салынған препарттар табылғандықтан, оны 2008 және 2012 жылы Олимпиада ойындарында алған алтындарынан айырылған еді. 2018 жылы зілтемірші үлкен спортқа қайтып оралғанымен, сәтсіз өнер көрсетіп жүр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Көңіл-күйім орнына келер емес": Илья Ильиннің спорттан кететіні рас па
Mailfire view pixel