Выйти
RU

Елордалық белгілі дәрігер Алматыда құлаған BekAir бортында көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ұшақ апатында Нұр-Сұлтан қаласының белгілі дәрігері қайтыс болды. Онымен бірге әу кемесінің бортында тағы бір ақ халатты әріптесі болған. Ол жарақат алып, ауруханаға тұскен деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

д"рәгер

Арман Исина. Фото: zakon.kz

"Қайғылы жаңалық. Апатқа ұшыраған ұшақ бортында біздің екі қызметкеріміз болған: Исина Арман және Мұқашева Салтанат. Олар келісім-шарт арқылы Ауруларды басқару бағдарламасының координатарлары болып тіркелген еді.

Мұндай жаңалықты оқудың өзің қорқынышты... Қаза тапқандар тізімі... Олардың арасында Арман Исинаның аты-жөні бар болып шықты. Орны толмас қаза.

Бірнеше жыл бұрын ол кісінің өзі Ауруларды басқару бағдарламасының пилотты жобасын алдымен бір облыста, кейін күллі Қазақстанға енгізген болатын.

Иманды болсын! Ал Салтанат Мұқашева қазір ауруханада жатыр. Тезірек сауығып кетуін тілейміз" , - деп жазылған елордадағы 10-шы емхананың Facebook-тегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Сондай-ақ, апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар арасында Informburo журналисі мен "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордалық белгілі дәрігер Алматыда құлаған BekAir бортында көз жұмды