RU

Bek Air апатынан зардап шеккендер қатарында режиссер Талғат Теменовтің ұлы бар

Telegram logo VKontakte logo

Бүгін таңертең Алматы маңында болған әуе апаты 12 адамның өмірін алып кетті. Көпшілік Bek Air ұшағының құлауынан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтуда. Ал зардап шеккендер арасында белгілі режиссер әрі актер Талғат Теменовтің ұлы да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Талғат Теменов. Фото: kazakhfilmstudios.kz; Айбар Теменов. Фото: zhasorken.kz

Талғат Теменов. Фото: kazakhfilmstudios.kz; Айбар Теменов. Фото: zhasorken.kz: Facebook

Алматыда 12 адамның өмірін қиған ұшақ апаты ешбір қазақстандықты бей-жай қалдырмады. Ел халқы әуе апатынан мерт болған жандардың жақындарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасуда.

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер де аз емес. Олардың қатарында актер, белгілі сценарист, актер әрі режиссер Талғат Теменовтің ұлы Айбар Теменов та бар.

Айбар басқа да зардап шеккендермен бірге Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасына жеткізілді. Актер 1999 жылы отандық "Үш ағайынды" фильміндегі рөлімен танымал.

Ал әкесі Талғат Досымғалиұлы Теменов-белгілі актер, театр және кино режиссері, педагог, сценарист және профессор. 1999 жылы ол Қазақстан Халық әртісі атанды. Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркем жетекшісі.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Bek Air апатынан зардап шеккендер қатарында режиссер Талғат Теменовтің ұлы бар