RU
2019 жылдың қабырғаны қайыстырған ең қайғылы оқиғалары қандай

2019 жылдың қабырғаны қайыстырған ең қайғылы оқиғалары қандай

Рассказать Вконтакте

2020 жылға бірер күн қалғанда Қазақстан халқы тағы бір қайғылы оқиғаны бастан өткерді. 27 желтоқсан күні Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан "Bek Air" ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапқан еді. Қазақстандықтар жалпы 2019 жылдың ел үшін оқыс оқиғаларға толы жыл болды деп еске алуда. KAZ.NUR.KZ биылғы жылы халықтың қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиғаларын назарға ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

2019 жылдың бірінші қаңтарында Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде жаппай төбелес болып, одан бір адам қаза тапқан еді. Бастапқыда жастардың төбелесі ұлтараздық қақтығысқа сипатына ие деген қауесет тарағанымен, кейін ол ақпарат жоққа шығарылды.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Доңыз жылының алғашқы жылы қазақстандықтарды тағы бір қазаға душар етті. Браконьерлермен күрескен "Охотзоопром ӨБ" РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмып, оған аталған ерлігі үшін ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені табыс етілген болатын.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Жылдың ақпан айында да Қазақстан халқын дүр сілкіндірген оқиға орын алды. Елордада бір отбасының бес бірдей бүлдіршіні өрттен қаза тауып, елде көп балалы аналардың жаппай шеруге шығуы басталды. 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы қыздардың ата-анасына қайғылы оқиғадан кейін үйдің кілті табыс етілді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

2019 жылдың наурыз айында елорда "Нұр-Сұлтанға" ауысып, халық наурызды жаппай тойлап болғаннан кейін, астанада тағы бір оқыс оқиға орын алды. Елорданың басшы көшелерінің бірінде бірнеше автобус соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапқан болатын.

Фото: kazaknews.kz

Фото: kazaknews.kz

Ал маусымның 24 күні Түркістан облысының Арыс қаласында жаппай жарылыстар орын алып, салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын. Олардың біреуі – 8 жастағы бала еді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сол сияқты доңыз жылының қыркүйек айында Алматы облысы Шамалған станциясында пойыз бен автобус қақтығысып, автобус жүргізушісі оқиға орнында мерт болған еді.

Скриншот: КТК телеарнасы

Скриншот: КТК телеарнасы

Ал күні кеше ғана Алматы облысының Қызылту ауылында тағы бір қабырғаны қайыстырар апат орын алды. Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған "Bek Air" ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам мерт болды.

Фото: ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ТЖК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel