RU

Әуеде 55 секунд болды: Алматыдағы ұшақ апаты радарға түскен (фото, видео)

Рейстерді бақылаудың ғаламдық қызметі Bek Air ұшағының апатқа ұшырағанын белгілеген – Қазақстан азаматтық авициясы мен радардың ресми деректерін салыстырғанда, лайнердің әуеде бір минуттан аз уақыт болғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Скриншот: flightradar24.com
Скриншот: flightradar24.com: UGC

Fokker 100 ұшағының нақты қозғалыс тректориясы Flighradar халықаралық сайтында жарияланды.

Кесте бойынша сағат 7:05-те ұшқан әуе кемесі 7:16-дан бастап бақыланған – ол әуежай ғимаратынан ұшу алабына қарай жүрді.

Кестедегі уақытты жергілікті уақытқа есептеп, ауыстырдық.

7:16 – жылдамдық 17 узел (8,7 м/сек) – ұшақ әуежай ғимаратынан шықты.

Скриншот: flightradar24.com
Скриншот: flightradar24.com: Original

7:17 – жылдамдық 2 узелге дейін төмендеді (1 м/сек) – ұшақ ұшу алабына бет алды.

7:18 – жылдамдық 27 узелге дейін артты – ұшақ ұшу алабына бара жатыр.

7:19 – жылдамдық 17 узелге дейін төмендеді – радар траекторияда біртүрлі ілмекті көрсетті.

Скриншот: flightradar24.com
Скриншот: flightradar24.com: Original

7:20 – жылдамдық 48 узел – ұшақ ұшу алабында.

7:20:31 – жылдамдық 100 узел – ұшақ әлі жерде.

7:20:42 – жылдамдық 135 узел.

7:20:51 – жылдамдық 155 узел.

7:21:03 – жылдамдық 140 узел.

Скриншот: flightradar24.com
Скриншот: flightradar24.com: Original

7:21:05 – жылдамдық шамамен 143 узел – ұшақ жерден ажырады.

Скриншот: flightradar24.com
Скриншот: flightradar24.com: Original

7:21:18 – жылдамдық 146 узел – ұшақ әуеде.

7:21:28 – жылдамдық 132 узелге дейін төмендеді – ұшақ кенеттен 15 метр жылдамдықты жоғалтты, траектория жақын маңдағы ауылға қарай ауыса бастады.

Скриншот: flightradar24.com
Скриншот: flightradar24.com: Original

7:21:37 – жылдамдық 76 узелге дейін төмендеді – ұшақ тағы 7 метр жылдамдық жоғалтты, жазықтың үстімен ұшып өтіп, дәл үйлерге қарай жақындап барады.

Скриншот: flightradar24.com
Скриншот: flightradar24.com: Original

Осы жерде радардың деректері үзілді.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 07:22 -де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болды. Осылайша, ұшақ әуеде бір минуттан аз уақыт болған.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833927-uede-55-sekund-bolgan-almatydagy-sak-apaty-radarga-tsti-foto-video.html