RU

Алматыдағы қайғылы жағдайдан соң барлық әуе компанияларын тексереді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық авиакомпаниялар мен авиациямен байланысты нысандардың жұмысын тексеруді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ааааа

Фото: Ақорда

28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған Президент еліміздегі мемлекеттік туларды төмен түсіруге және барлық ойын-сауық шараларын тоқтатуға тапсырма берді.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына соқтырған себептерді сапалы әрі объективті түрде тексеруге;
  • «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамын білікті мамандармен қамту жұмыстарын толық аяқтау шараларын қабылдауға;

Қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін барлық әуе компанияларының жұмыстары мен авиациялық инфрақұрылым нысандарын тексеруге тапсырма берді.

ааааа

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы қайғылы жағдайдан соң барлық әуе компанияларын тексереді
Mailfire view pixel