RU
"Өрт шықпағаны таңырқатты": Әлемдік БАҚ Алматыдағы ұшақ апатын қалай қабылдады

"Өрт шықпағаны таңырқатты": Әлемдік БАҚ Алматыдағы ұшақ апатын қалай қабылдады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы тек қазақстандықтарды ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді – шетелдік БАҚ өкілдері оқиғаны мұқият бақылауда. Қазақстандағы қайғылы оқиға әлемдік БАҚ-тың басты жаңалығына айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Скриншот: CNN

Скриншот: CNN

The New York Times Қазақстандағы ұшақ апаты жайлы ақпаратты әлемдік жаңалықтар бөлімінде жариялады – "Қазақстанда ұшақ апатынан он шақты адам қаза болды".

Америкалық басылым бізге белгілі деректерді келтіріп, қазақстандық БАҚ өкілдерінің мәліметтеріне сүйенді. Олар қайғылы оқиғаның өңірдегі алаңдаушылық тудыратын әуе сапарларының қауіпсіздігін айқындай түскенін жазып, елімізде арзан бағалы әуе компаниялар саны артып жатқанын мәлім етті.

"Өрт шықпағанына таңғалдым": әлемдік БАҚ Алматыдағы ұшақ апатына пікір білдірді

CNN телеарнасы апат орнынан кадрлар көрсетіп, оқиғаны баяндады – "Бортында 100 шақты адамы бар ұшақ апатқа ұшырады".

Журналистер авиация сарапшысы Джеффри Томастың мәлімдемесінен дәйексөз келтірді.

"Өрт шықпағанына таңғалдым": әлемдік БАҚ Алматыдағы ұшақ апатына пікір білдірді
"Fokker конструкцияның тұтастығына үлкен мән беріп, өте жақсы ұшақтар жасап шығарған – дәл осы себептен әуе кемесі көптеген бөшектерге бөлінген жоқ.
Ұшақ корпусының бекемдігімен қатар, өрттің болмағаны көп адамның аман қалуының басты факторы болды. Бұл жанармай багы мен ұшақ қанаттарының сау қалып, қирамағанынан болса керек – бұл да әуе кемесі конструкциясының мықты болғанын білдіреді", – деп мәлімдеген болатын сарапшы.

BBC-де төтенше жағдай туралы хабарлады – "Қазақстандағы ұшақ апаты: Bek Air ұшағы Алматы әуежайы маңына құлады".

Жаңалықтар қызметі апаттан аман қалған жолаушы Марал Ерманның айтқандарынан дәйексөз келтірді. Ол ұшақтың әуеге көтеріліп жатқанда сілкінгенін, ал құлар алдында бірдеңеге соғылғанын айтқан. Қыз апатқа ұшыраған лайнерден шыққан кезде оның бөліктерге бөлінгенін көрген.

"Өрт шықпағанына таңғалдым": әлемдік БАҚ Алматыдағы ұшақ апатына пікір білдірді

The Guardian Қазақстанда ұшақтың арпатқа ұшырап, 12 адамның қаза болғанын жазды. Басылым әуежай ауданында болған Reuters репортерінің қалың тұманды көргенін мәлім етті.

Тұман болғанын Flightradar24 деректері де растайды. Сондай-ақ апат кезінде жеңіл жел соғып, 9 градус аяз болғаны хабарланды.

"Өрт шықпағанына таңғалдым": әлемдік БАҚ Алматыдағы ұшақ апатына пікір білдірді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өткізді.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel