RU

Қаһарман-полицей ұшақ апатындағы сәбидің құтқарылуы туралы айтты

Telegram logo VKontakte logo

Әлеуметтік желілерде полицей формасындағы ер адамның ұшақ апаты орнынан кішкентай сәбиді алып кетіп бара жатқан видеосы тарап кетті. Көпшілік тәртіп сақшысының бұл қылығына аса тәнті болып, оған деген жылы лебізін білдірген. Анықталғандай, видеодағы каһарман - полицияның аға лейтенанты Жақсылық Сұлтанов болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Instagram / jiger_auypbaev_official

Видеодан кадр: Instagram / jiger_auypbaev_official: UGC

Полиция қызметкерінің айтуынша, ол әріптестерімен бірге өмірлік белгілерді білдірген адамдарды шығарып жатқан.

Содан кейін олар қираған ұшақты айналып өтіп, жеке меншік құрылыс жаққа қарай бет алады. Полицейлер дәл сол жерде жерде жатқан әйел адам мен баланы тауып алған.

"Ол (келіншек) жылаған жоқ. Оның кеудесінде сәби жатты. Ол бүлдіршінді сол қолымен ұстап тұрды. Ал оң қолы жарақаттанған болып шықты. Мен оған баланы алып, дәрігерлерге берем дедім. Ол көзін ашып-жұмып, артынан жылап жіберді" , - деді Жақсылық Сұлтанов.

Сұлтанов ойлануға уақыт болмағанын айтты. Ол бірден әрекет етіп, өте жедел әрі жылдам қимылдау керек болғанын жеткізді. Полицей баланы алып, медицина қызметкерлеріне апарып берді.

Қазіргі таңда, сәби балалар аураханасында жатыр. Бүлдіршіннің қасында оның жақындары мен туыстары бар. Нәрестенің ата-анасы №4 қалалық ауруханада жатыр.

Видеодағы қаһарманның полицей қызметінде жүргеніне осымен он үш жыл болған. Ол бұл өз тәжірибесіндегі тұңғыш жағдай екенін мойындады.

Айта кетейік, бұған дейін желіде кішкентай баланы құшақтап апат орнынан алып шыққан полицейдің видеосы тарап кеткен болатын. Аталмыш бейнежазба ел жүрегін елжіретті.

Бұған дейін құқарушы мен сәбидің суреті жарияланып, "бүгінгі күннің кадры" деп аталып кетті.

Еске сала кетейік, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Сондай-ақ Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қаһарман-полицей ұшақ апатындағы сәбидің құтқарылуы туралы айтты