RU

Сарапшы: Алматыдағы ұшақтың құлауына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Авиация саласындағы ресейлік сарапшы Юрий Антипов БАҚ өкілдеріне 27 желтоқсан күні Алматыда орын алған қайғылы жағдайдың себептеріне қатысты пікір білдірді. Ол апатты оқиғаға ұшақ қозғалтқышының істен шығуы түрткі болуы мүмкін деп есептейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Одан бөлек, Антипов бұл проблеманы ұшақтың ұшуы алдында жүргізілетін тексеріс кезінде анықтау мүмкін емес екенін алға тартты. Ресейлік сарапшы орын алған қайғылы жағдайға лайнер жасының еш қатысы жоқ деген пікір білдірді.

Антипов "КП" басылымына берген сұхбаты барысында аталмыш борт жақынмагистралдылар қатарына жататынын айтты. Оның сөзінше, ұшақ бір мемлекет пен (Ресей секілді үлкен ел болған жағдайда) белгілі өңір арасында іске асырылатын қысқамерзімді ұшуға арналған.

Одан кейін, сарапшы Fokker-100 моделіне қысқаша техникалық сипаттама берді: Оның сөзінше, артқы турбовентиляторлық қозғалтқышы бар борт құрылымы көптеген азаматтық ұшақтарда қолданылып келетін тексерілген сенімді технология болып табылатынын жеткізді.

Антипов қазіргі таңда қайғылы жағдайға қатысты ақпарат аз екенін айтып, өзінің берген бағасы аса қатты болжалды түрде болуы мүмкін екенін ескертті. Алайда, сарапшы өзіне белгілі жайттарға сәйкес, оқиға үрдісін құрды. Оған сәйкес, Антипов ұшақ апатына үшқыштардың қателігінен гөрі, қозғалтқыштың істен шығуы себеп болса керек деп топшылады.

"Бірінші фактілерге сәйкес, қозғалтқыштардың бірі істен шықты деген ой туады. Қозғалтқыштардың біреусі екіншісін созып жіберіп, шамамен, оң жақтағы қозғалтқыш істен шықса керек. Сәйкесінше, ұшақ төмен түсіп, шұғыл бұрылыс жасаған. Оны куәгерлер де растап отыр. Олардың сөзінше, әуе кемесі тайып, екі қабатты ғимаратқа соғылып қираған" , - деді Юрий Антипов.

Сарапшының сөзінше, мұндай ақауды анықтау аса қиын. Себебі, ұшақтар әуежайда іске қосылу барысында қозғалтқыштарын максималды түрде қолданбайды. Себебі, бұл әрекетті іске асырған сәтте ұшақтың даусы қатты шығып кетеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сарапшы: Алматыдағы ұшақтың құлауына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болуы мүмкін
Mailfire view pixel