RU
Ұшақ апатынан полицей құтқарған сәбидің қазіргі жағдайы белгілі болды

Ұшақ апатынан полицей құтқарған сәбидің қазіргі жағдайы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Алматы әкімдігінде өткен брифинг барысында ұшақ апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Қамалжан Надыров. Фото: Алматы әкімдігі

Қамалжан Надыров. Фото: Алматы әкімдігі

Оның сөзінше, оқиға орнында жедел жәрдемнің 86 бригадасы жұмыс істеді. Алғашқы қоңырау сағат таңғы 7.43-те түскен. Бірінші бригада оқиға орнына 15 минутта келіп жетсе, қалғандары сәл кешірек барған.

Одан бөлек, Надыров ұшақ апатынан 67 адам зардап шеккені мен олардың 49-ы ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Емханаға жатқызылғандардың тоғызы балалар болып шықты.

Оған қоса, апатты жағдайда он екі адам қаза тапты.

Зардап шеккен ересек адамдардың онына, екі балаға ота жасалғаны белгілі болды.

Оның сөзінше, қазіргі таңда сегіз адам аса ауыр жағдайда жатыр. Орташа жағдайда тоғыз адам жатыр. Тағы бір зардап шегуші қанағаттандырарлықтай халге жақын. Сонымен қатар, бір адам жеке емханаға жүгінген. Оған да операция қажет.

Министрдің орынбасары Алматыға елордадан травматологтар, нейрохирургтер мен хирургтер аттандырырылған. Сонымен қатар, зардап шеккен адамдардың жақындарына психологтар көмектесіп жатыр.

Надыров интернетте тарап кеткен видеодағы құтқарылған сәби өз отбасындағы басқа үш бүлдіршінмен балалар ауруханасында жатқанын хабарлады. Оның жанында туыстары мен жақындары бар. Сәбидің ата-анасы төртінші қалалық аураханаға жатқызылды.

Айта кетейік, бұған дейін желіде кішкентай баланы құшақтап апат орнынан алып шыққан полицейдің видеосы тарап кеткен болатын. Аталмыш бейнежазба ел жүрегін елжіретті.

Бұған дейін құқарушы мен сәбидің суреті жарияланып, "бүгінгі күннің кадры" деп аталып кетті.

Еске сала кетейік, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Сонымен қатар, видеодағы қаһарман-полицей баланы құтқаруға қатыстыс пікір білдірген болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
9
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel