Выйти
RU

Air Astana Алматыдан Нұр-Cұлтанға қосымша рейстер енгізбек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ұшақ апаты мемлекет азаматтарын дүрліктіріп қана қоймай, жұмысы уақытша тоқтатылған әуекомпания жолаушыларын ашуға булықтырды. Bek Air билеттерін сатып алған адамдар енді басқа тасымалдағыш компаниялардың рейстеріне ауыстырыатын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қайғылы жағдайға орай, Air Astana компаниясының тобы Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы қосымша рейстер енгізілетіні жайлы мәлімдеме жасады. Өзгерістер ертінен 28 желтоқсаннан бастап іске қосылмақ.

Компанияның баспасөз қызметінде ұшақтардың елордадан таңғы бес пен онда ұшатыны хабарланды. Алматы қаласынан ұшып шығам деушілер таңғы 07.15 мен 7.45-те шығады.

Сонымен қатар, жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің туыстары мен жақындары бүгін тегін жеткізілетін болады.

Одан бөлек, Air Astana жаңа жылдық мейрам кезінде Алматыдан Нұр-Сұлтанға, Ақтөбеге, Ақтауға және Атырауға қосымша рейстер ұйымдастырылатынын хабарлады.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Air Astana Алматыдан Нұр-Cұлтанға қосымша рейстер енгізбек