Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласы 2019 жылды табысты қорытындылады

Опубликовано:

Өтіп бара жатқан 2019 жыл Сыр елінің бас қаласы – Қызылорда қаласы үшін табысты жыл болды.

Расында, биылғы жылы Қызылорда қаласында әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыруда және қаланың коммуналдық, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асырылды.

Осындай жұмыстардың арқасында, облыс экономикасының барлық салаларындағы өрелі өзгерістердің алдыңғы шебінен көрініп, жаңашыл бастамаларымен көш бастап келеді.

Фото: Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда әкімдігі: Instagram

Нақтырақ айтқанда, жыл басында Қызылорда қаласының бюджеті 42 млрд. 974 млн.теңге болып бекітілсе, жыл қорытындысымен бұл көрсеткіш 76 млрд. 545 млн. теңгені құраған.

Бұл дегеніміз бюджет көрсеткішінің жыл басынан бері 78,1 пайызға ұлғайғанын көрсетеді.

Нәтижесінде, аймақ орталығының барлық саласында жоғары нәтижелі өсім байқалды.

Фото: Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда әкімдігі: Instagram

Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан жаңа тұрғын ауданда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың саны күн санап көбеюде.

Мысалы, биылғы бір жылдың өзінде бірнеше тұрғын үйлер мен «Болашақ» университетінің бас кампусы, «Ханшайым ана» балабақшасы мен «Оrda school» жеке бастауыш мектебі, «Жастар жылына» ерекше тарту ретінде облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ғимараты пайдалануға берілді.

Жалпы қалада салынған тұрғын үйлер көлемі жыл сайын қарқында өсуде.

Жыл басынан қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 444 мың 253 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 129,9 пайызға артқан.

Жыл сайын инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жайластыру жобасы шеңберінде де ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылы, Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту жобасы бойынша барлығы 6 млрд. 175 млн. теңгеге 4 шақырым ауыз су және 3,4 шақырым кәріз су құбырлары мен 1 дана насос станциясының құрылысы, 23 насостық станцияларын қайта жаңғыртудан өтуде.

Сонымен қатар, қалаға қарасты елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүзеге асып келеді.

Биылғы жылы, осындай игілікті істердің жалғасы ретінде қала маңындағы Қарауылтөбе ауылының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді.

Құны 33 млн. теңге болатын бұл инвестициялық жобаға «ҚазТрансГаз» АҚ демеушілік жасап, елді-мекендегі 3 мыңнан аса тұрғындардың қуанышына орай 280 тұрғын үй газбен қамтылды.

Айта кету керек бұған дейін 2015 жылы, Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде газдандыру жұмыстарына 2 млрд. 157 млн. теңге бөлініп, 5 мыңнан аса тұрғын үйлер, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар көгілдір отынмен қамтылса, 2016 жылы Талсуат ауылдық округін газдандыру үшін облыстық бюджеттен 271 млн.теңге қаралып, ауылдық округ бойынша 500-ге жуық тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан табиғи газбен қамтылды.

Ал, 2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 378 млн. теңгеге Белкөл кентіндегі 830 тұрғын үй, 4 көпқабатты тұрғын үй және 5 әлеуметтік нысан газбен қамтылған.

Нәтижесінде қаланы газдандыру көрсеткіші 95 пайызды құрайды.

Фото: Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook

Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда жаңа жобалар жүзеге асуда.

Соңғы 6 жылда Қызылорда қаласының және оған қарасты елді-мекендердегі жол құрылысын дамытуға 25 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлініп, 600 шақырым жол орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өткен.

2019 жылы Қызылорда қаласы жолдарының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 1 млрд. 300 млн теңгеге жалпы ұзындығы 75,4 шақырым жолдар орташа, күрделі жөндеу және жол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ұзындығы 426 шақырымды құрайтын 142 көше, 59 скверлер мен аллеялар және 86 көпқабатты тұрғын үй аулалары жарықтандырылған.

Қала тұрғындардың сұранасына сәйкес 20 жерге «Ақылды» жаяу жүргіншілер жолақтары салынды.

Фото: Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда әкімдігі: Instagram

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 8 млрд 47,5 млн. теңгені құрап, өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 105 пайызға артығымен орындалды.

Биыл қала дихандары егілген 4 мың 11 гектар күріштің әр гектарынан 52,1 центнерден өнім алып, қала қамбасы 20 мың 885 тонна «Сыр маржанына» толықты.

Фото: Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда әкімдігі: Instagram

Біздің мемлекетіміздің алға қойған басты мақсаттарының бірі, ұлттық экономиканың жетекші күші - орта және шағын бизнесті жан-жақты қолдау.

Осының негізінде, 2018 жылдан бастап Сыр өңірінде 3 жыл көлемінде «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланған.

Нәтижесінде, Қызылорда қаласы бойынша «Кәсіпкерлікті қолдау» жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы құны 5 млрд. 115 млн теңгені құрайтын 696 жоба іске асырылып, 812 жұмыс орны ашылды.

Ал, кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен 3 млрд. 878 млн. теңгені құрайтын 91 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жаңадан 501 жұмыс орны ашылды.

Жыл басынан бері 26 мың 331 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, оның ішінде 21 мың 899 нысаны нақты жұмыс жасауда.

Облыс бойынша нақты жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 48 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында 1 млрд. 87 млн. теңгені құрайтын 187 жоба қаржыландырылып, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 1 млрд. 726 млн. теңге болатын 32 жоба қолдау тапты.

«Индустриялық – инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген 71,1 млрд. теңге болатын 10 жоба жүзеге асырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833956-kyzylorda-kalasy-2019-zyldy-tabysty-korytyndylady/

pixel