RU

Әкесі қаза болған: Ұшақ апатында бір үйдің төрт бірдей баласы зардап шекті

Балалар омбудсмені Аружан Саин Алматы түбіндегі ұшақ апаты кезінде зардап шеккен бүлдіршіндерге барып қайтты. Ол сол рейстің кішкентай жолаушыларының жағдайы туралы айтты.

Әкесі қаза болған: Ұшақ апатында бір үйдің төрт бірдей баласы зардап шекті
Фото: facebook: Facebook
"Зардап шеккен балалардың төртеуі бір отбасыдан екен, жалғыз асыраушылары – әкесі қаза болды. Ауруханада Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымовты жолықтырдық, ол туыстарымен кездесті. Әкімдік отбасына көмектесу үшін шаралар қабылдауда", - деп хабарлады Аружан Саин.

Оның айтуынша, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында екі бала жатыр.

"Үш баланың аяғы сынған, бір қыздың екі аяғына да зақым келді, осы уақытқа дейін барлық операция жасалды, қыздардың бірі палатада. Операциядан кейін екі баладан басқасы есін жиды.
Олар жан сақтау бөлімінде – ұйқыда жатыр, барлығы өздігінен дем алуда. Балалардың ешқайсының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ең кішкентай балалар ауыр жарақат алмаған, олардың екеуі әзірге жан сақтау бөлімінде", - деп жазды Саин.

Ол қаланың барлық қызметіне, құтқарушыларға, әскери қызметкерлерге, жедел жәрдем дәрігерлеріне, зардап шеккендерді құтқарып, қазір көмектесіп жатқан клиникаларға алғысын білдірді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жарақат алған ең ересек бала туралы айтты. Жанқозы төртінші қатарда – терезе жанында, ұшақтың сынған жеріне өте жақын жерде отырған.

"Оқиға кезінде бала өзін-өзі ұстай біліп, ересектерге құлаған заттарды алуға көмектескен. Ал сыртқа шыққанда төтенше жағдайлар қызметкерлері мен әскерилерге ол жерді тазартуға, кірпіш тасуға көмектеспек болыпты. Әрине, олар оған рұқсат бермеген, оны жедел жәрдемге алып барып, ауруханаға жіберді", - деп түйіндеді Саин.

Баланың әкесі баласын осы рейспен елордада жұмыс істейтін анасына жібергенін айтты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833973-kesi-kaza-bolgan-sak-apatynda-bir-jdi-trt-birdej-balasy-zardap-sekti.html