Выйти
RU

Батырхан Шүкеновтің бауыры ұшақ апатында қаза тапқан ұшқыш туралы жазды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бауыржан Шүкенов Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың экипаж мүшесі Марат Мұратбаев басқаратын әуе кемесінде осыдан бірнеше жыл бұрын ұшқандығы туралы естілігімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Шүкеновтің айтуынша, оған бір рет Мұратбаевтың басқаруындағы бортта ұшу бақыты бұйырған.

Ол ұшқыштың Қызылордада дүниеге келгенін және оны ұшудан үлкен тәжірибесі бар ұшқыш деп атағанын айтты.

Шүкенов қайтыс болған ұшқыштың әрқашан аспан мен ұшуды аңсаған адам болғанын атап өтті.

шукенов

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Батырхан Шүкеновтің бауыры ұшақ апатында қаза тапқан ұшқыш туралы жазды
Mailfire view pixel