RU

Ұшақ апаты: Қара жәшік Мемлекетаралық авиация комитетіне беріледі

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі Мемлекетаралық авиация комитетіне беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

рррррр
Фото: Facebook / Денис Кривошеев: UGC
«Кеше премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасымен сөйлесті.

Келісім жасалды, бүгін кешкісін сағат 18.40-та Мәскеуден Алматыға сарапшы ұшып келіп, жұмысқа кіріседі.

Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жедел тергеу тобы әуе кемесі бортының өздігінен жазу құралын алды.

Ертең біз қара жәшікті оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Мәскеу қаласындағы Мемлекетаралық авиация комитетіне береміз», - деді Берік Камалиев.

Оның айтуынша, қара жәшіктегі жазбалардың мән-жайын анықтау жұмыстары дүйсенбі басталады.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1833986-sak-apaty-kara-zsik-memleketaralyk-aviacia-komitetine-beriledi.html