RU

ІІМ Алматыдағы ұшақ апатына қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын мәлім етті

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ұшақ апаты: аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Аталмыш іске мемлекетаралық авиация комитеті мен апатқа ұшыраған ұшақты шығарған зауыт өкілдері қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

рррррр

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу сапалы және объективті түрде жүргізілуде. Барлық қажетті заттай айғақтар алынған.

Сондай-ақ, тергеу үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта қызметкерлер оқиға орнында жұмыстарын жалғастыруда. Айта кетерлігі, Мемлекетаралық авиация комитеті және кеме салынған зауыттың өкілдері тергеуге қатысады.

Қазіргі уақытта апатқа ұшыраған ұшақтың 1996 жылы Голландияда жасалғаны анықталды. Оны келесі жылдың мамырына дейін пайдалануға болады екен.

Қайғылы оқиға себептерінің бірнеше нұсқасы бар: ұшақтың дұрыс жұмыс істемеуі, ауа-райының бұзылуы және ұшқыштың қателіктері.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ІІМ Алматыдағы ұшақ апатына қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын мәлім етті
Mailfire view pixel