RU
Камалиев: Ұшақ апатынан кейін билет бағасы көтерілгендігі туралы хабар жалған

Камалиев: Ұшақ апатынан кейін билет бағасы көтерілгендігі туралы хабар жалған

Рассказать Вконтакте

Алматы маңында «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты билет бағасының көтерілгендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев мәлімдедеі деп хабарлайды ҚазАқпарат.

камалиев

Берік Камалиев. Фото: kapital.kz

Оның ақпарынша, 2019 жылдың 27-31 желтоқсан күндеріне жоспарланған «Bek Air» әуе компаниясының 100-ге жуық рейсі орындалмайды. Бұл бағыттарға барлығы 9157, оның ішінде 8180 ересек, 765 бала, 212 нәресте билеті сатылған.

«Қазіргі уақытта әуе компаниясы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жоспарланған барлық рейстердің авиабилеттерінің толық құнын қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

1-2 қаңтарға «Bek Air» ұшуларды жоспарламаған. Орындалмайтын рейстердің жолаушыларына өзге компанияларымен ұшуды ұсынамыз.

Айта кетерлігі, «Бек Эйр» рейстерінің орындалмауына байланысты өзге авиабилеттердің бағасы көтерілген жоқ және көтерілмейді де. Тарифтердің көтерілгендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді Берік Камалиев.

Сонымен қатар вице-министр Жаңа жыл мейрамы қарсаңында және демалыс күндері әдетте авиабилеттердің құны жай күндерге қарағанда жоғары болатынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel