Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев көңіл айтқан өзге мемлекет басшыларына алғыс білдірді

Опубликовано:

Алматыдағы ұшақтың құлауы: Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев он екі адамның өмірін қыршынынан қиған аса қайғылы жағдайға қатысты қайғыра көңіл айтқан өзге мемлекет басшыларының барлығына алғысын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мемлекет басшысы орын алған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтып, қолдау білдірген өзге ел басшыларына алғысын жеткізді.

"Алматы маңындағы ұшақ апаты салдарынан болған азаматтардың қазасына байланысты көңіл айту жеделхаттарын жолдап, тілектестік білдірген барлық мемлекет басшыларына алғыс айтамын" - , деп жазды президент Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, күні кеше болған жантүршігерлік ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты.

Жолаушылары бар әуе кемесі ұша сала биіктікті жоғалтып, Алматы әуежайынының маңында құлады.

Қазір мемлекет бойынша аза тұту күні жарияланды. Барша көңіл көтеру кештері мен шаралары өткізілмей, немесе басқа күндерге ауыстырылып жатыр.

Апатқа ұшыраған ұшақ пилоттарының біреуі оқиғадан қаза болғаны белгілі. Екіншісі ауруханада ес-түзсіз күйде жатыр. Оны сақшылар күзетуде. Ер адамға ота жасалынды.

Дәрігерлер өзге зардап шеккендер туралы мәлімет беріп, олардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Оған қоса, ІІМ орын алған оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істің тергеу жұмыстары қалай өтіп жатқанына қатысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834004-tokaev-kil-ajtkan-zge-memleket-bassylaryna-algys-bildirdi/

pixel