RU
Алматылықтар халықаралық әуежай ғимаратына гүл шоқтарын апаруда

Алматылықтар халықаралық әуежай ғимаратына гүл шоқтарын апаруда

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ұшақтың құлауы: Оңтүстік астана тұрғындары бүкіл елді дүрсілкіндірген ұшақ апатында қаза болғандардың құрметіне халықаралық әуежай ғимаратына гүл шоқтарын апаруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / Алматы халықаралық әуежайы

Фото: Facebook / Алматы халықаралық әуежайы

Алматылықтар халықаралық әуежай ғимаратына гүл шоқтарын апара бастады. Қала тұрғындары бұл әрекетін ұшақ апатында көз жұмғандардың құрметіне іске асырған. Әуежайдың ресми Facebook парақшасында адамдардың ғимарат алдына гүл әкеліп жатқан сәтінен фото жарияланған.

Еске сала кетейік, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Сондай-ақ Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Апатқа ұшыраған ұшақ пилоттарының біреуі оқиғадан қаза болғаны белгілі. Екіншісі ауруханада ес-түзсіз күйде жатыр. Оны сақшылар күзетуде. Ер адамға ота жасалынды.

Дәрігерлер өзге зардап шеккендер туралы мәлімет беріп, олардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Оған қоса, ІІМ орын алған оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істің тергеу жұмыстары қалай өтіп жатқанына қатысты мәлімдеме жасады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel