RU
Сағынтаев әуе апатында зардап шеккендер жатқан ауруханалардың басшыларымен кездесті

Сағынтаев әуе апатында зардап шеккендер жатқан ауруханалардың басшыларымен кездесті

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астана әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушылар жатқызылған ауруханалардың бас дәрігерлерімен кездесті. Қайғылы жағдайда үш шетелдік азамат пен тоғыз бала жарақат алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауруханаға түскен ұшақ жолаушыларының барлығына дерлік дәрігерлер, психологтар, медперсонал қажетті барлық көмекті үздіксіз көрсетуде. Бүгінде оларға 19 ота жасалды.

Оған қоса, күні кеше болған апатты жағдайға тап болғандар бүгін өздерін әлдеқайда жақсы сезінуде екенін жеткізді.

"Бүгін таңертең зардап шеккендердің жағдайы тұрақтанды. Олардың барлығы травматикалық шоктан шығарылып, динамикасының жақсаруынан соң реанимациядан бөлімдерге ауыстырылады" , - деді әкім.

Қайғылы жағдайға ұшыраған рейс жолаушыларын емдеу үшн үздік травматолог, нейрохирург мамандары да көмекке келді.

Алматы қаласының әкімдігі тек қана қазақстандықтарға ғана емес, ұшақ апатында зардап шеккен шетел азаматтарына да көмек көрсетіп жатыр.

"Алматылықтар тағы да жанашырлық танытты. Кешегі күні қалалық орталықта 341 донор, Республикалық орталықта 149 донор қан тапсырды. Қала тұрғындарына, барлық медициналық қызметкерлер мен дәрігерлерге көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Тезірек сауығып кетулерін тілеймін. Қаза болғандардың туған-туыстарына тағы көңіл айтамын" , -деп жазды Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында.
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel