RU

Ұшақ апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендер отбасыларына көмек қоры ашылды

Telegram logo VKontakte logo

Алматыдағы ұшақтың құлауы: Қазақстан азаматтарының толассыз сұрауы бойынша Алматы маңында орын алған ұшақ апатында қаза болғандар мен зардап шеккен адамдардың отбасыларына ақшалай көмек аудару үшін арнайы банк шоты ашылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Барлық қаражат тек қана қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек ретінде жаратылатын болады.

Шығындардың шынайылығына кепіл берілетіні хабарланды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ: UGC

Еске сала кетейік, күні кеше Алматыда орын алған жантүршігерлік ұшақ апаты барша қазақстандықтарды дүрсілкіндірді.

Анықталғандай, әуе кемесі әуежай маңында құлап, бетондық құрылысты қиратып тастады. Оқиғадан он екі адам қаза тапты.

Қаза болғандардың отбасыларына төрт миллион теңге көлемінде өтемақы төленбек. Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Барлық көңіл көтеру шаралары өтпейтін болды.

Елордада осыдан он жыл бұрын ілінген ең үлкен туды түсіріп тастады. Аталмыш ту осымен сегізінші рет рет төмен түсірілді.

Зардап шеккендер арасында тоғыз бала бар болып шықты. Анықталғандай, олардың төртеуі - бір үйдің балалары екен. Олардың әкесі ұшақ апатында қаза тапты.

Апатқа ұшыраған ұшақ пилоттарының біреуі оқиғадан қаза болғаны белгілі. Екіншісі ауруханада ес-түзсіз күйде жатыр. Оны сақшылар күзетуде. Ер адамға ота жасалынды.

Дәрігерлер өзге зардап шеккендер туралы мәлімет беріп, олардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Оған қоса, ІІМ орын алған оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істің тергеу жұмыстары қалай өтіп жатқанына қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ұшақ апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендер отбасыларына көмек қоры ашылды