Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев төтенше жағдайда көмек көрсеткен алматылықтарға алғысын айтты

Опубликовано:

Алматыдағы ұшақ апаты: Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқару кезірнде қол ұшын созған адамдарды ерекше атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы қан өткізген донорларға алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz: Facebook

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Twitter парақшасында зардап шеккендер үшін қан өткізген алматылықтар мен ауыл тұрғындарына ризашылығын жеткізді.

"Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті", – деп жазды президент.

Тоқаев еске салып өткендей, Гүлдала ауылының тұрғындары Bek Air ұшағының қалдықтарын жинап жатқан құтқарушыларға арнап далада тамақ пісірген.

Мемлекет басшысы халқымыздың тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратынын көрсеткенін атап өтті.

Сондай-ақ бүгін Алматы әкімі ұшақ апатынан қаза тапқандардың үйлеріне барып, көңіл айтты.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Сондай-ақ Алматы әуежайы ұшақ апатының минуттық хронологиясын жариялады.

Ұшақ апаты кезінде жас жігіт аяғы ауыр әйелді денесімен жауып қалған. Келіншектің туыстары құтқарғаны үшін Темірланға және осындай ержүрек баланы өмірге әкелген ата-анасына алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834070-tokaev-ttense-zagdajda-kmek-krsetken-almatylyktarga-algysyn-ajtty/

pixel