RU
Интернет-алаяқтарға алданбаудың жолы қандай: Полиция хабарландыру жасады

Интернет-алаяқтарға алданбаудың жолы қандай: Полиция хабарландыру жасады

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының полиция департаменті интернет-алаяқтықтың белең алуына байланысты халықты ескертіп, хабарландыру жасады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Жамбыл облысы ПД хабарландыруынан, pixabay.com

Фото: Жамбыл облысы ПД хабарландыруынан, pixabay.com

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаскүнемдер электрондық шотқа қаражат аудару арқылы алдын ала төлем сұрау және бірнеше күн ішінде өңделетін тапсырысты жүзеге асыру секілді қарапайым тәсілді пайдаланады. Осыдан кейін тапсырыстың кешігетінін және тауар жақын күндері жеткізілетінін хабарлайды. Бірақ, бірнеше аптадан кейін интернет-дүкен көрсетілген мекенжайы бойынша өз қызметін тоқтатады және тапсырыс беруші тауарды да, ақшаны да ала алмайды.

Полицияның мәліметіне қарағанда, алаяқтар банк картасының деректемелерін немесе SMS кодын тауар үшін ақша аударуға сұрайды, содан кейін банк шотынан ақша ұрлайды. Қаскүнемдердің басты міндеті – кез-келген тәсілмен пайдаланушыдан қажетті ақпаратты білу.

"Бұл CVV/CVC карта коды және олардың нөмірлері, есептік жазбалардың парольдері және басқа да жеке деректер болуы мүмкін.
Ескертеміз! Ешқашан жеке ақпаратты ашық түрде орналастырмаңыз, өзін банк қызметкері болып таныстырса да, жеке мәліметтеріңізді бермеңіз!", – делінген Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, ішкі істер министрлігі WhatsApp арқылы жеке куәлік пен банк картасының фотосын жіберуге болмайтынын мәлімдеген болатын.

Бүгінгі таңда технологияның ілгерілеуімен онымен байланысты қылмыстардың саны да арта түсті. Осылайша, ғаламдық желінің мүмкіндіктерін пайдалу арқылы алаяқтықтың жаңа түрлері белең алды. Биылғы жылдың өзінде 7 мыңға жуық қазақстандық интернет-алаяқтардың құрбаны болды.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel