Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыста әтір иісі ұзақ тұрмайды: Мұндай жағдайда не істеу керек

Опубликовано:

Қыс келіп, күн суытқанда хош иістер өз күшінен жылдам айырылады. Температураның өзгеруімен қатар тері де өзінің табиғи ылғалдылығын жоғалтады. Ал құрғақ тері хош иісті бұндай уақытта аша алмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Қыста әтір иісін күшейту үшін не істеуге болады?

1. Теріні ылғалдандыру

Денеге арналған қоректік крем қолдану өте маңызды. Сондай-ақ, қыстың аязынан теріні жұмсартып қана қоймай, суықтан қорғайтын күтім құралдарын пайдаланған жөн. Әтірді шашатын жерлерге (мойын, білек) айрықша мән берілу қажет.

2. Қойылтылған әтір таңдау

Суық ауа райында тері қыздырылмайды, сол себепті қыста иіссулардың (төмен концентрациялы) хош иісі бәсең болып келеді. Осыған байланысты қыс мезгілінде әтірдің қойылтылған (концентрациясы жоғары) түрін іздеу керек.

3. Базалық ноталарды зерттеу

Қыста үйреншікті иіссудың орнына басқа түрін алып көрген жөн. Жаңа әтірді тексеріп көру үшін алдымен оның сынама түрін (кішкентай ыдыс) ғана алу ұсынылады. Себебі жаңа хош иіс көңіліңізден шықпауы әбден мүмкін. Қыста жылулық сезімін сыйлайтын нақты ноталар бар. Оларды дүкен сатушысынан сұрап білуге болады. Мысалы, қыс мезгіліне дәмдеуіштер, шоколад, ваниль және т.б иістер жақсы келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1834081-kysta-tir-iisi-zak-trmajdy-mndaj-zagdajda-ne-isteu-kerek/

pixel