Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар генерал Қайдаровпен қоштасты

Опубликовано:

Алматығы ұшақ апатынан қаза болған Қазақстан генералдары кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Оңтүстік астанадағы Офицерлер үйінде өткен қаралы жиынға мыңға жуық адам келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook

Жиынға қатысқан Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың генералдар кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ішкі істер саласының ардагері, генерал-майор Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың отбасына арнаған көңіл айту жеделхатын оқып берді.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook
"Қадірлі Рүстем Есімханұлының ұшақ апатынан қаза болуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Рүстем Қайдаров еліміздің ішкі істер саласының дамуына, құқық қорғау жүйесінің қалыптасуына, ұйымдасқан қылмыспен күресуде өте зор үлес қосты. Ол мемлекеттік іс жолында адал қызмет атқарды. Оның жарқын бейнесі қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады деп ойлаймын. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын," – делінген президент жеделхатында.

Бұдан бөлек, қала басшысы президент жарлығымен 28 желтоқсан – жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланғанын еске салды. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Рүстем Қайдаров жайлы естеліктерімен бөлісті.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook
"Көненің көзін көрген, ескінің сөзін білген, өзіміз арқа тұтып жүрген аптал азамат, асыл ағамыздың қайғысы баршамызға ауыр тиді. Ағамыз еліміз егемендік алған жылдары көп еңбек сіңірді. Әсіресе, құқық қорғау саласының басы-қасында өзі болып, көптеген заңның қалыпқа келуіне атсалысты. Оны өзім көзіммен де көрдім. Кейінгі жылдары генералдардың басын қосып, кеңес құрды.
Жақында ғана жұмыс орныма келіп, жоспарларын айтып, шығарған кітаптарын көрсеткен еді. "Демалмайсыз ба, аға?" дегенімде "Демалуға уақыт жоқ, жұмыс деген көп. Бәріне үлгеруім керек" деп айтып еді. Спорт, құқық қорғау саласы, ғылым-білім, экономика саласына да үлгергісі келіп, асығып жүргендей болды. Ағамыз нағыз генерал болып дүниеден өтті. Қайғыларыңызға ортақпын. Жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Қош бол, ардақты аға!", – деп түйіндеді қала әкімі.
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook

Бұдан бөлек, парламент сенаты төрағасының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі, Алматы облысы әкімінің, алыс-жақын шетелден, елшіліктерден келген көңіл айту жеделхаттары оқылып, марқұмның туыстарына тапсырылды.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Twitter

Мәжіліс депутаттары атынан генерал-лейтенант Абай Тасболатов марқұмның туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жеделхатын оқып берді.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Instagram
"Егемен еліміздің қалыптасу, даму жолында өшпес із қалдырған ардақты азамат, қайраткер тұлға, ел ағасы Рүстем Есімханұлының кездейсоқ апаттан қайтыс болуына байланысты отбасына, туған-туыстарына орны толас ауыр қазаға ортақтасып көңіл айтамын. Рүстем ағамыз үлкен жүректі, ұлтжанды, ақыл-парасаты биік жандардың бірі еді. Ардақты ағамыз құқық қорғау саласын нығайтуға, осы бағытта сапалы заңдар қабылдауға үлесін қосқан, бірнеше буын ұрпақты ұлттық патриоттық бағытта тәрбиелеген халықтың қадірлі азаматы болды. Өмір бойы елімізге еңбек еткен қайсар тұлғаның еңбек жолы ұрпаққа өшпес өнеге. Рүстем Есімханұлының қадірлі есімі, ақжарқын бейнесі барша халықтың жүрегінде сақталары сөзсіз", – делінген мәжіліс төрағасының хатында.
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook

Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза болғандар арасында Генералдар кеңесінің төрағасы Рустем Хайдаров бар екені белгілі болды.

Бұған дейін әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың жаназасы өткенін хабарлағанбыз. Рүстем Есімханұлының асына оның туыстары, әріптестері мен достары келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834089-almatylyktar-general-kajdarovpen-kostasty/

pixel