Выйти
RU

Германияда доп тепкен Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан ұлттық құрамасы мен немістің "Вольфсбург" клубының бұрынғы қорғаушысы Сергей Каримов 33 жасында қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: GlobalLookPress

Фото: GlobalLookPress

Ойыншының қазасы туралы "Вольфсбург" клубы Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Біз 33 жасында қаза тапқан бұрынғы ойыншымызды жоқтаймыз. Жүрегіміз оның жанұясымен, туыстарымен және достарымен бірге. Сергей, жатқан жеріңіз жайлы болсын", - делінген хабарламада.

Tvc.ru басылымының мәліметінше, футболшы өлімінің себебі белгісіз.

Сергей Каримов "Вольфсбург" клубында 2007 және 2011 жылдары доп тепті.

Ол Германия чемпионатының 2008/09 маусымында "Қасқырлармен" бірге Бундеслиганың чемпионы атанды.

Футболшы 2010 жылы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып, Оманға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.

Айта кетейік, Сергей Каримов 1986 жылы Қарағанды облысында өмірге келген. Ол отбасымен бірге сегіз жасында Германияға көшіп кетті.

Футболшы 2014 жылы жарақатына байланысты үлкен спортпен қош айтысқан болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін көкшетаулық "Оқжетпес-М" футбол клубының ойыншысы Роман Зюзин қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Футболшы небәрі 19 жаста еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Германияда доп тепкен Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы қайтыс болды