RU
Екатеринбург-Алматы тас жолында көлік жүргізушісі жол апатынан қайтыс болды

Екатеринбург-Алматы тас жолында көлік жүргізушісі жол апатынан қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Осы жылдың 29 желтоқсанында кешкі сағат 6 шамасында Екатеринбург-Алматы тас жолында қайғылы апат орын алды. Жол апаты бір көлік жүргізушісінің өмірін алып кетті. Одан бөлек 5 адам түрлі жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Хабар 24

Көрнекі фото: Хабар 24

Қанды оқиға жайлы мәліметпен "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай бөлісті. Оның сөзінше, жолда екі Lada соқтығысқан. Оқиға Қарамеңді Батыр ауылы маңында Целеноград ауданында болған.

Полицияда мәлімдегендей, аман қалған көлік жүргізушісі, 24 жастағы жігіт осы жылдың басында көлік жүргізу құқығынынан 3 жылға айырылған.

Алдын ала ақпарат бойынша ол қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол уақытта екінші Lada көлігімен соқтығысып қалады. Салдарынан 33 жастағы екінші жүргізуші көз жұмады.

Фото: "ҚазАвтоЖол"

Фото: "ҚазАвтоЖол"

Жол апатынан 5 адам, оның ішінде кішкентай бала зардап шекті. Оларды жедел медициналық көмек қызметкерлері алып кетті.

Компания көлік жүргізушілерінен жылдамдық режимін сақтауды сұрады.

Айта кетейік, "Amanat" сақтандыру компаниясының басшысы Ерғали Бегімбетов қаза болғандардың отбасыларына, сондай-ақ зардап шеккендерге сақтандыру төлемдері берілетінін мәлім етті.

Бұл туралы компания басшысы өзінің Facebook парақшасында жазды. Ол Bek Air әуе компаниясының "Amanat"-тың клиенті болып табылатынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel