RU

Түркия президенті Назарбаевқа телефон соқты

Telegram logo VKontakte logo

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Елбасы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда: Instagram

Тараптар бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

Түркия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен толағай табыс, Қазақстан халқына ­­– игілік пен бақ-береке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия қатынастарының жоғары деңгейі мен екіжақты ынтымақтастықты дамытудың зор мүмкіндіктерін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқару кезінде қол ұшын созған адамдарды ерекше атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы қан өткізген донорларға алғысын білдірді.

Ол Twitter парақшасында зардап шеккендер үшін қан өткізген алматылықтар мен ауыл тұрғындарына ризашылығын жеткізді.

"Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті", – деп жазды президент.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Түркия президенті Назарбаевқа телефон соқты